Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтау қаласынан Астана ауруханасына жеткізілген алты жасар қыздың денсаулығы жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдайы тұрақты ауыр, оған барлық қажетті емдеулерді жасап жатырмыз, оның денсаулығы дұрысталады дегенге үміттенеміз. Қазіргі кезде қызды отандық дәрігерлер қарап жатыр, ең мықты мамандар кеңес беріп жатыр, әзірше өз күшімізбен шетелдік дәрігерлерсіз емдеп жатырмыз", - деді Дүйсенова.
Еске салайық, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Полициядағылар қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлаған. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны "Нұр Плаза" жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Осы дерекке "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.