Түркістан облысында егде жастағы әйел мен оның қызын аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысында егде жастағы әйел мен оның қызын аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы және 149-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Ведомство мәліметінше, күдікті қамауға алынды.
Еске салайық, бұл оқиға 15 тамызда болған. Кейінірек оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болған еді.