Егде жастағы әйел мен оның қызын аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Егде жастағы әйел мен оның қызын аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды Видеодан алынған кадр

Түркістан облысында егде жастағы әйел мен оның қызын аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында егде жастағы әйел мен оның қызын аяусыз соққыға жыққан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы және 149-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, күдікті қамауға алынды.

Еске салайық, бұл оқиға 15 тамызда болған. Кейінірек оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети