"Эйр Астана" компаниясындағылар тексерушілерді кеңсеге кіргізбей қойған - ҚР ҰЭМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" компаниясындағылар тексерушілерді кеңсеге кіргізбей қойған - ҚР ҰЭМ © designer.kz

Монополияға қарсы орган "Эйр Астана" акционерлік қоғамына қатысты әкімшілік заң бұзушылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

2016 жылдың 7 қазанында әуе компаниясындағылар монополияға қарсы ведомствоның қызметкерлерін ғимаратқа кіргізбеген. "Қазақстанның монополияға қарсы органы ғимарат ішінде тергеу жұмыстарын жүргізуі тиіс монополияға қарсы ведомство қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргені үшін "Эйр Астана" АҚ қатысты әкімшілік құқық заң бұзушылық дерегі бойынша іс қозғады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, "Эйр Астана" әуе билеттерінің бағасы қымбат болуына байланысты тергеу жұмыстары басталған болатын. Кейін "Эйр Астана" өкілдері әуе билеттерінің қымбаттауына қатысты түсінік берген болатын. "Барлық әуе компанияның шығындары доллармен есептеледі. Бұған ұшақтарды сатып алу немесе жалға алуға кететін қаражаттар, авиациялық отын, сақтандыру, техникалық қызмет көрсету мен басқа да шығындар жатады. Ұлттық валютаның былтырғы девальвациясы теңгемен санағанда барлық қызметтің қымбаттауына әкелді. Қазақстан ішіндегі рейстердің тарифы ұлттық валютамен төленеді. Осыған байланысты тариф бағасы да қымбаттады", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, әуе компания өкілдерінің айтуынша, елде болған девальвацияға қарамастан "Эйр Астана" компаниясындағылар ішкі рейстегі тарифтердың бағасын өсірмеген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети