"Екі әйел тірідей жанып кетті". Алматы - Қорғас тасжолында түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Екі әйел тірідей жанып кетті". Алматы - Қорғас тасжолында түсірілген видео жарияланды © instagram/taldykorganec.insta

Instagram-дағы taldykorganec.insta және kris_p_talgar парақшаларында Алматы - Қорғас тасжолындағы екі адамның өліміне себеп болған көлік өртінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram-дағы taldykorganec.insta және kris_p_talgar парақшаларында Алматы - Қорғас тасжолындағы екі адамның өліміне себеп болған көлік өртінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі әйел қаза тапты. Олар тірідей жанып кетті. Жүргізуші аман қалды. 

"Жігіттер, мен мүмкіндігінше көмектесуге тырыстым. Күн өте ыстық болды, кірпігім мен шашым күйіп қалды. Есіктерді ашып қойсақ та өрт өте жойқын болды. Менің жақсы, қымбат ұнтақты өртсөндіргішім мұндай жалынмен күресуге қауқарсыз болды. Көліктер жанымыздан өтіп кете берді. Екі әйел тірідей жанып кетті, жүргізуші аман қала алды", - деп жазды видеоны жіберген адам.  

"Мені адамдар тоқтап, камераға түсіре бастағаны, ешкім ештеңе жасауға тырыспағаны  қамықтырды. Мен бірінші болып артта келе жатқанмын, оларға қандай да бір жолмен көмектесуге ішкі ниетім болды. Мен іштей қазір жарылыс болса, мен де зардап шегетінімді білдім. Мен бұл айғайларды да естідім... дәрменсіздік пен үмітсіздіктің айғайы... Мейірімді, адамгершілікті болыңыздар", - деді куәгер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети