Ақмола облысында жоғалып кеткен Эллина Күлдинаны іздестіру жұмыстары үшін Нұра өзеніндегі Преображенский су торабының шлюзін ашу қажеттілігі туындауы мүмкін. Ол үшін Целиноград аудандық Төтенше жағдайлар департаментінен ресми сауалнама керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің Ақмола бөлімшесіндегі директоры Ілияс Қазыкеевке сілтеме жасап.

15 мамыр күні таңертең еріктілер Преображенский су торабының шлюзін ашу туралы ұсыныс болғанын айтты. Бұл ұсыныс жоғалған қызды іздестіру жұмыстары кезінде судың деңгейін төмендету мақсатында жасалды. Бірақ ол үшін ҚР АШМ су ресурстары Комитетінің рұқсаты қажет.
ҚР АШМ су ресурстары Комитетінің Ақмола облыстық бөлімшесінің директоры Ілияс Қазыкеев Tengrinews.kz тілшісіне бұл жағдайда не істеу қажет екенін түсіндірді. "Біріншіден, бізге, Ақмола облысының филиалына жазбаша түрде хат жіберу қажет. Ол хатты біз тез арада арнаны реттеу үшін инспекцияға жолдаймыз. Судың реттелген деңгейін бір тәулік бойы ұстап тұру қажет. Егер бізге ертерек хабар бергендеріңізде, жауған жаңбырдың көмегімен-ақ шлюзді ашуға болар еді, - деді Қазыкеев. - Ынтымақ ауданында судың 40 текше метрді, ал Шұрбай Нұрада 20 текше метр суды арнаға құйғанын білдік. Бұл сонда 60-65 текше метр суды арнаға құйдық деген сөз. Онымен қоса шеттен ағылған су да бар. Сондықтан Қарағанды облысынан 80 текше метр су ағып келеді. Егер біз мұнда шлюздерді ашып тастасақ, мұнда су бәрібір болады", - деді Қазыкеев.
© Tengrinews.kz
Еріктілердің айтуынша, ресми хаттар жіберіліп, мәселе қаралып жатыр. Еске салайық, Эллина Күлдина10 мамырда отбасымен демалыста жоғалып кеткен болатын. Қызды іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, Ақмола облысы мен Астана қаласының құтқарушылары және еріктілер көмектесіп жатыр. 12 мамырда қыздың мойынорағышы табылған болатын. Кейінірек еріктілер елорда тұрғындарынан іздестіру жұмыстарына көмектесуін сұрады. Еріктілерге көмектесуге Астанадағы құтқарушылар да қосылды.