Астана полицейлері сауда үйіндегі қыздың эскалаторға қысылып қалуына қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана полицейлері сауда үйіндегі қыздың эскалаторға қысылып қалуына қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әжесінің айтуынша, олар қызы және жиенімен бірге эскалатормен төмен түсіп келе жатқан. Жиені жұлқынып эскалаторға отыра қалған. Түсіп бара жатып, қыздың саусақтары қысылып қалады. Қалалық балалар ауруханасынан берілген анықтама бойынша, қыздың оң қолының саусағы ашық сынған және сол қолының саусағы да қатты қысылған", - дейді ІІД өкілдері редакция сауалына берген жауабынды.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 1-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер эскалаторды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды:
- эскалатордан түсерде сақ болу. Балаларды көтеріп алу немесе қолынан ұстап тұру. Балаларды қараусыз қалдырмау немесе эскалатормен өздігінше түсуге рұқсат бермеу;
- эскалаторға қозғалыс бағыты бойынша қарап тұрып, тұтқадан ұстап тұру;
- эскалаторда жүгіруге, отыруға, қозғалмайтын бөліктеріне сүйенуге және сары белгіден асуға тыйым салынады.