14 ақпан 2014 | 09:18

Екі жасар қызға қайтыс болған анасының қарызы жүктелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет  КТК телеарнасынан алынған Сурет КТК телеарнасынан алынған

Ақтөбе қаласында банк екі жасар қыздың мойнына қайтыс болған анасының несиелік қарызын жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Екі жасар Фаина Арыстанғалиеваға қарыз анасынан мұраға қалыпты. Анасы осыдан жеті жыл бұрын банктердің бірінен 11 млн теңге мен 36 000 доллар несие алған көрінеді. 40 жастағы әйел несиенің бірін жеке кәсібін дамытуға, ал екіншісін пәтер сатып алу үшін рәсімдеген екен. Өкінішке қарай, әйелдің жоспары бір күнде күйреді. Күтпеген жерден жұмыстан қысқартуға түсті. Амалы таусылған әйел төрт айлық қызын артына қалдырып, өз-өзіне қол жұмсап, бақилық болды. Қызды қамқоршылыққа алған ата-әжесі соттағы ұзық айтыс-тартыстан кейін 11 млн теңге қарызды өшіруге қол жеткізген. Алайда, ипотекалық несие екі жасар қыздың мойнында қалып отыр. "Ол жартылай өлген жоқ қой. Толықтай өлді. Заң бойынша қайтыс болуына орай борышкердің барлық қарызы өшірілуі керек емес пе. Ал, олар болса, бір қарызды кешіп, екіншісін қалдырып отыр", - дейді Фаинаның атасы Бахытжан Арыстанғалиев. Қамқоршылар ипотекалық несие қарызын жабу үшін сатып алынған пәтерді беруге дайын. Алайда олай ету үшін сот екі жасар қыздың қамқоршыға сенімхат беруін талап етіп отыр. "Судья Сембеков түсініксіз нәрсені жазып отыр. Оның айтуынша, екі жасар қыз сотта оның атынан қатысуға сенімхат беруі тиіс екен", - дейді адвокат Юрий Фильчуков. Қазіргі уақытта Фаинаның анасынан қалған қарыз 1,5 есеге өскен. Ал банк өкілдері коммерциялық құпия дегенді алға тартып, қандай да бір мағлұмат беруден жалтарып отыр.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети