Бас прокуратура Қытай азаматтарының бір миллиард теңгесін жымқырды деп күдікке ілінген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратура Қытай азаматтарының бір миллиард теңгесін жымқырды деп күдікке ілінген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі "Базис Алатау" ЖШС жетекшілері Б.Баймұханов, Г.Нәбиева және өзгелерге қатысты ҚХР азаматтары Хэ Хан Вей, Линь Нуцзы және Ван Джуньға жасалған алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша, Б.Баймұханов және Г.Нәбиева "Қорғас" ШЫХО аумағында инвестициялық нысандар салу, жер телімдерін жалға алу және ойын бизнесіне рұқсат алу бойынша келісім жасауға көмек береміз деп алдап, ҚХР азаматтарынан 1 миллиард теңге жымқырған", - делінген хабарламада.
Қазір күдіктілер ұсталып, соттың 20 ақпандағы шешімі бойынша қамауға алынды.
"Екі күдіктіге де аса ірі көлемде және бір топ адам болып алаяқтық пен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша айып тағылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - дейді Бас прокуратура өкілдері.