Қостанай тұрғыны Айша Ысқақова жағалау маңында аяусыз соққыға жығылған, - деп хабарлайды kstnews.kz.
Қостанай тұрғыны Айша Ысқақова жағалау маңында аяусыз соққыға жығылған, - деп хабарлайды kstnews.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 22 шілдеде шамамен 23:30-да Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жағалауында болған. Айша мен оның құрбыларына екі қыз жақындаған, екеуі де алкогольдік ішімдік ішкен сыңай танытқан. Олар Айша мен құрбылары тарапынан өздеріне дауыс көтердіңдер деп жанжал бастаған. Айша жымиып, ешқандай дауыс көтерілмегенін айтқан.
"Осы кезде қыздар балағат сөз айтып, маған қарай оқталды. Олардың неліктен балағат сөз айтып жатқанын сұрадым. Сол кезде біреуі екіншісіне заттарын ұстатып, менің қолымнан ұстап, төбелесе кетті. Мен қорғаныста болдым, қыздың шашын ұстадым. Осыдан кейін екеуі де менің шашымнан ұстап, ішімнен тебе бастады. Менің құрбым ажыратпақшы болды", - дейді Ысқақова.
Қыздар өзара төбелесті тоқтататын болып шешкен. Алайда Айшаның қарсыластарының бірі оның беті мен ішінен тебе бастаған.
"Оның соққылары ауыр тиді, ол менің бетім мен ішімнен кемінде жеті рет тепті. Мен көмек шақыруын өтіндім, полиция шақырсын дедім. Онда адамдар болды, мен ересек бір ер адамның артына жасырынып, көмектесуін өтіндім. Олардың барлығы өздерің шешіңдер, бізге мұндай дау-дамайға араласудың еш қажеті жоқ деді. Құрбылар полиция шақырған. Олар келемін дегенше 15-20 минут бойы Айшаны ұрып-соққан. Полиция келген кезде әлгі екі қыз қаша бастаған, алайда ұсталып қалған. Олар менің үстімнен арыз жазамыз деді, себебі мен оларды жарақаттаған екенмін. Мен қорғандым ғой", - деп жазды қыз бала.
Осыдан кейін қыз ата-анасына хабарласқан, олар Айшаны ауруханаға жеткізген. "Миым шайқалған, көптеген жерім сырылып, жараланған, ауруханада жатырмын. Тамақты дұрыс іше алмаймын, қозғала алмаймын, үнемі басым ауырады, бетім ісіп кеткен. Мұны неліктен жазып отырмын? Әділдік орнағанын қалаймын. Олар өз жазасын алуы тиіс", - дейді ол.
Айша түсірілген видеоларды байқамағанын айтады. Видеоны ауруханада көрген. Бұл сол кештегі сұмдықтың бір ғана бөлігі екенін айтады. Сонымен қатар, Ысқақова істің сотқа жіберілгенін де біледі.