Қызылорда облысында екі қызы мен әйелі бар шетел азаматы Арал теңізіне көлігімен батып кете жаздады. Абырой болғанда оларды Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің "ӨСжАҚЖҚ" ММ құтқарушылары аман алып қалды. Бұл туралы Арал ауданының әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда облысында екі қызы мен әйелі бар шетел азаматы Арал теңізіне көлігімен батып кете жаздады. Абырой болғанда оларды Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің "ӨСжАҚЖҚ" ММ құтқарушылары аман алып қалды. Бұл туралы Арал ауданының әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, осыған дейін "ВКонтакте", WhatsApp және тағы басқа әлуметтік желілерде осы оқиға түсірілген видеожазба пайда болған еді. Youtube желісіне Данияр Еникеев деген автор жариялаған виделороликте ер адам оқиға орнында тұрып, батып қалған көліктерді көрсетіп, жағдайды баяндайды. Осыдан кейін Арал ауданының әкімдігінің Facebook желісіндегі парақшасында оқиғаға байланысты түсінік берілді.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!
Хабарламада оқиғаның 2015 жылдың 17 желтоқсан күні Арал теңізі жағалауында болғаны айтылады. Сол күні 17.15 минутта Арал ауданы №3 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне №10216 әскери бөлімінің бөлімше командирі ефрейтор Дәурен Әбілдаевтан Арал қаласынан шамамен 20 шақырым қашықтықта шетел азаматы мінген Mercedes benz микроавтобусының суға батып қалғаны жайлы хабар келіп түскен. Оқиға орнына барған құтқарушылар Люксембург мемлекетінің азаматы Да Коста Рикардоның (Da Costa Ricardo Antonio) теңіз ұлтанында өзінің жеке автокөлігімен (мемлекеттік белгісі LL 8236 автокөлігі) батпаққа кіріп батқан және автокөлікте оның жұбайы мен екі қызы болғанын анықтайды. Алайда тартып шығару кезінде өрт сөндіру машинасы да сол орында батып қалған.
Осыдан кейін құтқарушылар қаладан тағы бір өрт сөндіру машинасын алдыртады. "Оқиға орнына барғаннан кеиін АЦ 6-40/4320 өрт автокөлігі оқиға орынындағы бірінші барған АЦ 3,2-40 (43206) автокөлігін тартып шығару кезінде өзі батып қалған. Жоғарыда аталған оқиға орнына өрт сөндіру автокөліктерімен жеке құрам жіберілгеннен кейін жауынгерлік есепті күшейту мақсатында бөлімнің кезекшіліктен бос жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп бөлімге жиналған", - делінген хабарламада. Осыдан кейін құтқарушылар тағы бір дана құтқару машинасын көрші Қазалы ауданынан алдыртады. Алайда оқиға орнына шыққан үш тонналық погрузщигі оқиға орнына 130 метр қашықтықта жете алмай, батып қалған.
"Шетел азаматтырына Арал қаласына алып келіп қонақ үйге орналастыру ұсынылған, алайда шетелдік азаматтар өз көлігі арнайы бейімделгенін айтып, бас тартып, ол жөнінде жазбаша қол хат алынған. Шетелдік азаматтардың денсаулықтарына қауіп-қатер болмаған. Сол күні Арал ауданы №3 ӨСБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қ.Тілеулиев қарамағындағы қызметкерлерімен оқиға орнында түнімен автокөліктерді шығаруға әрекет жасаған. 2015 жылдың желтоқсан айының 17-сінен 18-не қараған түні ауа райы күрт өзгеріп, оңтүстіктен қатты соққан желдің күшімен теңізден көтерілген толқын әсерінен 1 шақырым радиуста жағаны су басып қалған. Теңіздің жағасынан шамамен 300 метр жерде орналасқан оқиға орыны толығымен су астында қалып, су тереңдігі 0,7 метрге дейін көтерілген", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
2015 жылдың желтоқсан айының 18 күні Арал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің тарапынан Урал (вахтовка), 2 дана "Уаз" автокөлігі, әкімдік аппаратынан 5 қызметкер, №3 өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері мен жеке өтімділігі жоғары Камаз жұмылдырылады. Алайда ауа райының қолайсыздығы әрі құтқару операциясын жүргізетін жер мен оқиға орнының алыстығы, сонымен қатар тарту тростарының жеткіліксіздігі тікелей әсер етіп, батып қалған автокөліктерді шығару бойынша атқарылған жұмыстар оң нәтижесін бермеген. Оқиға орынында құтқарушылар кезекшілік жасап, тағы бір түн түнейді.
Ал 19 желтоқсанда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің "ӨСжАҚЖҚ" ММ-нің "Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстарын ұйымдастыру" бөлімінің қызметкерлері өтімділігі жоғары Камаз "АСО-20" арнайы мақсаттағы автокөлігімен Арал қаласына көмекке келген. Нәтижесінде құтқарушылар батып қалған көліктерді батпақтан 20 желтоқсанда ғана шығара алыпты.