©РИА Новости
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақавтожол" РМК мамандарына сілтеме жасап. Алматы облысында 11 наурыз күні сағат 22.30-да Үшарал - Достық автожолының 83 - 113-шақырымдары аралығындағы Көктұма - Ырғайты учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді. Мұндай шара боран мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты қолға алынды. Қолайсыз ауа райының салдарынан Шығыс Қазақстан облысында Воскресеновка - Петропавловка - Шелехово - Белағаш - Дмитриевка автожолының 64-шақырымына дейінгі, Бородулиха - Жескент жолының 49-шақырымына дейінгі учаскелерінде және Шемонаиха - РФ шекарасы бағытындағы автожолдың 105-123-шақырымдары аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Айта кетейік, кеше "Қазгидромет" кәсіпорны бүгін Алматы, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстардың аумағында қатты жел тұрып, боран соғатынын ескерткен болатын.
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақавтожол" РМК мамандарына сілтеме жасап.
Алматы облысында 11 наурыз күні сағат 22.30-да Үшарал - Достық автожолының 83 - 113-шақырымдары аралығындағы Көктұма - Ырғайты учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді. Мұндай шара боран мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты қолға алынды.
Қолайсыз ауа райының салдарынан Шығыс Қазақстан облысында Воскресеновка - Петропавловка - Шелехово - Белағаш - Дмитриевка автожолының 64-шақырымына дейінгі, Бородулиха - Жескент жолының 49-шақырымына дейінгі учаскелерінде және Шемонаиха - РФ шекарасы бағытындағы автожолдың 105-123-шақырымдары аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.
Айта кетейік, кеше "Қазгидромет" кәсіпорны бүгін Алматы, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстардың аумағында қатты жел тұрып, боран соғатынын ескерткен болатын.