1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Екі облыста боранға байланысты жолдар жабылды

©РИА Новости ©РИА Новости
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақавтожол" РМК мамандарына сілтеме жасап.
Алматы облысында 11 наурыз күні сағат 22.30-да Үшарал - Достық автожолының 83 - 113-шақырымдары аралығындағы Көктұма - Ырғайты учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді. Мұндай шара боран мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты қолға алынды. Қолайсыз ауа райының салдарынан Шығыс Қазақстан облысында Воскресеновка - Петропавловка - Шелехово - Белағаш - Дмитриевка автожолының 64-шақырымына дейінгі, Бородулиха - Жескент жолының 49-шақырымына дейінгі учаскелерінде және Шемонаиха - РФ шекарасы бағытындағы автожолдың 105-123-шақырымдары аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Айта кетейік, кеше "Қазгидромет" кәсіпорны бүгін Алматы, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстардың аумағында қатты жел тұрып, боран соғатынын ескерткен болатын.