Екібастұз МАЭС-2-ні жаңғырту кезінде миллиард теңге жымқырылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұз МАЭС-2-ні жаңғырту кезінде миллиард теңге жымқырылған Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз МАЭС-2" АҚ-да ақша жымқыру деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз МАЭС-2" АҚ-да ақша жымқыру деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз МАЭС-2" АҚ-ны тексеру барысында 3-энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету деректерін анықтаған.

"Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 миллиард теңге болады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы ("Аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.19  course up  589.88  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети