2 шілдеде Павлодар облысының Екібастұз қаласынан 36 шақырым жердегі Үшқұлын стансасы өткелінде Үшқұлын - Павлодар бағытындағы жүк пойызы мен автобус соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста жергілікті кәсіпорындардың бірінің 11 қызметкері болған. Үш адам жеңіл дене жарақатын алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Соқтығысу оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Ол Бас көлік прокуратурасының бақылауында", - делінген ведомствоның хабарламасында.
"ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің өкілдері соқтығысуға автобус жүргізушісі себепкер болғанын айтады. Айтуларынша, автобус жүргізушісі телефонмен сөйлесіп келе жатқан.
"Жүк пойызының машинисі сағатына 22 шақырым жылдамдықпен келе жатып, теміржол аумағында ПАЗ маркалы автобустың шығып қалуына байланысты жедел түрде тоқтады. Соқтығысуды алдын алу мүмкін болмады. Алты адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Автобус жүргізушісі сол сәтте телефонмен сөйлесіп келе жатқанын мойындады, сол себептен бағдаршамның тыйым салынған белгісін елемей, өтіп кеткен. Өткелде сигнал беру жүйесі орнатылған. Ол дұрыс жұмыс істейді", -деп хабарлады "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ өкілдері.