Екібастұзда адамдар мінген автобус аударылып қалды

Фото: t.me/kereksoyle

Екібастұзда өндірістік кәсіпорындардың бірінде жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Жолаушыларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екібастұзда өндірістік кәсіпорындардың бірінде жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Жолаушыларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккендердің нақты саны әлі хабарланған жоқ. Жергілікті Telegram-арна жариялаған суретте көмір кәсіпорындарының бірінің аумағында ЖКО болғанын көруге болады. Автобустың алдыңғы жағы қирап, алдыңғы әйнегі сынған.

"Екібастұзда ЖШС-нің бірінің аумағында жүргізуші ПАЗ автобусын тізгіндей алмай жол шетіне аударылып қалған. Автобус салонында ЖШС-нің 24 қызметкері болды. ЖКО салдарынан қаза тапқандар жоқ, сол жерде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі", - деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір зардап шеккендерді дәрігерлер тексеріп жатыр.

"Ауыр жағдай жоқ", - деп сендірді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама