Осы жылдың қаңтар айында немересін өлтірген Екібастұз қаласының тұрғыны жеңіл жазамен құтылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Осы жылдың қаңтар айында немересін өлтірген Екібастұз қаласының тұрғыны жеңіл жазамен құтылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлімінің 3 және 14-тармақтары бойынша қозғалды. Екібастұз тұрғыны заңға сәйкес "Кәмелет жасқа толмаған әрі қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтіру" бабы бойынша айыпталды. Алайда мемлекеттік айыптаушы 46 жастағы әженің жазасын жеңілдетіп, ҚР ҚК-нің 104-бабына сәйкес "Абайсыздықпен кісі өлтіру" бойынша жаза тағайындауды сұрады. Ал қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша күдіктіні 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған еді.
Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсе меңгерушісінің міндетін атарушы Самат Қабдығалиевтің мәліметіне қарағанда, 23 шілдедегі сот үкіміне сәйкес 46 жастағы әжеге екі жыл бойы қоныс колониясында жазасын өтеу тағайындалды. Сондай-ақ, сотталған азаматша түзету мекемесінде алкогольден мәжбүрлі түрде емделетін болады.
Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында төрт жасар немересі таңғы уақытта қарны ашып, әжесін оятқан. Алайда күні бұрын құрбысымен бірге ішімдікке салынған әжесі ұйқысы қанбағандықтан, немересін әуелі ұрып, кейін тұншықтырған.