23 желтоқсан 2020 13:31

Екібастұзда итті көлігіне байлап сүйреген жүргізуші видеоға түсіп қалды

Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде итті көлікпен сүйреген видео пайда болды. Оқиға Екібастұз қаласында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде итті көлікпен сүйреген видео пайда болды. Оқиға Екібастұз қаласында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісінде жарияланды. Онда Екібастұзда жүргізушінің итті көлікке байлап сүйреген сәтін көруге болады.

Реклама
Реклама

"Қараңыздар! Алабай итін сүйреп барады", - дейді видеоның авторы.

Бұл дерекке қатысты Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

"Бұл дерек Екібастұз қаласының полиция басқармасында тіркелді. Көлік жүргізушісін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар.

Tengrinews.kz тілшісі Экология министрлігіне сауалхат жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram