Екібастұзда жанармай құю бекеті өртеніп жатыр. Өрттің тұрғын үй секторына таралу қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Екібастұзда жанармай құю бекеті өртеніп жатыр. Өрттің тұрғын үй секторына таралу қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жанармай құю бекетіндегі өрт 26 шілде күні сағат 13:24-те басталған.
"Қонаев 5 көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінде төрт цистерна ашық жанып жатыр. Өрт жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне жақындап қалған. Өрттің өршу қаупі бар. Көршілес ғимараттарды күзету жұмыстары жүргізілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің видеосы.
Куәгерлер жарылыс болғанын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, оқиға орнына 20 қызметкер мен 7 техника жұмылдырылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып, өртті сөндіру жалғасып жатыр.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт болған жердің жанында азық-түлік дүкені бар.
"Көрші ғимараттарды күзету жұмыстары жүргізілді. Жеке сектордың үйлері жолдың арғы бетінде, өрттен 100 метр қашықтықта орналасқан. Сағат 15:00-де өртті оқшауландыру жұмыстары жүргізілді. Сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!