Екібастұзда жантүршігерлік жол апатында екі аяғынан айырылған әйел бүгін таңда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 6 маусымда қала орталығында шамамен сағат 23.00-де Мәшһүр Жүсіп және Әуезов көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды.

Екібастұз қалалық ІІБ баспасөз қызметінің өкілдері ВАЗ-21099 көлігінің 29 жастағы жүргізушісінің солға қарай бұрылып жатқанда 25 жастағы жүргізуші отырған Mazda көлігімен соғысып қалғанын хабарлады.
ВАЗ-21099 көлігіндегі зардап шеккен 47 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізіліп, кейін қайтыс болған. Оның артында екі қызы қалды.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Полезный экибастузец" тобында ВАЗ көлігіне газ орнатылғаны хабарланған еді. Жол апаты кезінде жарылыс болып, көлік екіге бөлініп қалған. Алайда ІІБ өкілдері бұл мәліметті әлі растамады.