Екібастұзда жасөспірім жаттығу жекпе-жегінен соң қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда жасөспірім жаттығу жекпе-жегінен соң қайтыс болды ©РИА Новости

Екібастұзда жасөспірім жаттығу жекпе-жегінен соң қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала қорғау бөлімінің жетекшісі Алмагүл Ахметжановаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда жасөспірім жаттығу жекпе-жегінен соң қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала қорғау бөлімінің жетекшісі Алмагүл Ахметжановаға сілтеме жасап.

Мектеп оқушысы 3 маусым күні облыстық балалар ауруханасында қайтыс болған. "Ауруханаға жатқызылғаннан бері оның жағдайы өте ауыр болды. Осы уақытқа дейін жасөспірім комада жатты. Оған операция жасалды, барлық қажетті ем көрсетілді. Бірақ бұл медицина қауқарсыздық танытқан жағдай болды", - дейді Алмагүл Ахметжанова.

Еске сала кетейік, 14 жастағы боксшы Қуаныш Жұмабай мамыр айында жаттығудан соң комаға түскен еді. Жасөспірім Қазақстан чемпионатына дайындалған. Жаттығу кезінде ол ішіне қарсыласының соққысын өткізіп алған. Дәрігерлер баланың миы жарақаттанғанын да айтып отыр. Науқастың бас сүйегін тесіп операция жасауға тура келді. Бірақ медиктердің көмегі нәтиже бермеді. 

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімнің қайтыс болу дерегі бойынша тергеуалды тексеріс жүріп жатыр. "Қазіргі уақытта оның мәйіті сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Бұған қоса, басқа да қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығарылатын болады", - дейді ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети