Екібастұзда жоғалған екі оқушы өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда жоғалған екі оқушы өлі табылды Фото: Павлодар облысы ТЖД

Екібастұзда жоғалып кеткен 15 жастағы екі оқушы өлі күйде табылды. Жасөспірімдердің мәйіті шомылуға жабдықталмаған су айдынынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда жоғалып кеткен 15 жастағы екі оқушы өлі күйде табылды. Жасөспірімдердің мәйіті шомылуға жабдықталмаған су айдынынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жасөспірімдердің заттары шомылуға жабдықталмаған жергілікті су қоймасы жағасынан табылған еді.

"Балалар қаза болды. Оларды жағадан сегіз метр қашықтан тапты. Біреуі екіншісін құтқарам деп, бірге батып кетуі мүмкін. Туған-туыстарына көңіл айтамыз", - деді еріктілер.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірімдер шомылу кезінде суға батып кеткен. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. 

"Жақын маңда шомылып жүрген балалар заттарды тауып алып оларды өздерімен алып кеткен. Кейін олар полицияға хабар берген, бірақ су қоймаларының атауын шатастырып алған. Сондықтан алдымен жаңа көпір маңындағы шұңқырдан іздей бастадық. Іздеу кезінде көрші су қоймасын да тексеруді ұйғардық. Сол жерден балалардың денесі табылды", - деді еріктілер.

Айта кетейік, 2005 жылы туған жасөспірімдер 29 мамыр күні сағат 16.00-де үйінен кетіп, оралмағаны хабарланған болатын. Сол күні кешке жағалаудан олардың заттары мен телефоны табылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети