09 ақпан 2016 | 10:41

Екібастұзда жүргізуші куәлігінен айырылған мас экс-полицей жол апатын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-полицей Екібастұзда жол-көлік оқиғасын жасады. 2015 жылы ол қызметтік-әскери тәртіпті бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодар облысының ІІД өкілдері көлік тізгінінде Екібастұздың экс-полицейінің болғанын анықтады. Осылайша, ол жол апатын жасаған сәтте полицей болмаған. Сонымен қатар, оның бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz редакциясына үш автомобильдің қирап жатқаны түсірілген видео келіп түсті. Toyota Camry маркалы көлікте мас жүргізуші бар. Ер адам жөнді жүре де алмайды. Зардап шеккендердің бірі бұрылыс алдында тоқтап, өзге көліктерге жол беріп тұрған сәтінде артынан Toyota Camry автомобилінің бар жылдамдықпен келіп соққанын айтып берді. 

Павлодар облыстық ІІД өкілдерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы 4 ақпанда шамамен 20.00-де болған. Toyota Camty автомашинасының 40 жастағы жүргізушісі Әуезов көшесінің бойымен келе жатып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 29 жастағы жүргізуші жүргізіп келе жатқан Chevrolet көлігін соққан, ол өз кезегінде Kia Rio маркалы көлікті соққан.

"Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") және 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру") бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети