Екібастұзда Lada мен Kia Rio соқтығысты: жол апаты видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда Lada мен Kia Rio соқтығысты: жол апаты видеоға түсіп қалған Instagram / dp_pavlodar видеосының кадры

Екібастұзда Lada-21074 көлігінің жүргізушісі жолға шығып бара жатып Kia Rio көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда Lada-21074 көлігінің жүргізушісі жолға шығып бара жатып Kia Rio көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, жол апаты 14 мамырда сағат 15.50-де Мұхтар Әуезов атындағы көшеде болған. Lada көлігін 48 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан, ол Kia Rio-ға жол бермеген.

Соққыдан Lada-дағы адамдардың бірі көліктен жолға ұшып шыққан. Ал Kia соқтығысқаннан кейін қозғалыс бағытын өзгертіп, басқа көлікті соққан.

"Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі мен оның жолаушылары түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек Полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар облысының ПД қызметкерлері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети