Екібастұзда мектептен өрт шықты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда мектептен өрт шықты Сурет: pavlodarnews.kz

Оқыс оқиға Екібастұздағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан №24 мектепте болған, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқыс оқиға Екібастұздағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан №24 мектепте болған, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Сәтбаев көшесі, 4 мекенжайында №24 мектептен өрт шыққаны туралы хабар сағат 10.00-де түскен. 

"1-қабаттағы кабинетте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт шыққан. 40 шаршы метр аумақта құрылыс заттары мен пластик құрылымдар жанып кеткен", - деді басқарма өкілі.

Өрт сағат 10:15-те ауыздықталған. 

Басылым мәліметінше, білім ордасында сәуірден бері жөндеу жүргізіліп жатыр.

"Өрт шығуына жылу жүйесі бойынша дәнекерлеу жұмысын жүргізіп жатқан "Бектемір Құрылыс" ЖШС себеп болған. Фирма басшылығы өз қателігін мойындап, шығынды өтеуге дайын екенін жеткізді", - деді мектеп директоры Құралай Рахметжанова.

Мектеп директорының айтуынша, бүгінде күрделі жөндеудің жалпы көлемінің 60 пайызы орындалған.

"Өрт салдарынан жөнделген екі кабинет зардап шекті, сондай-ақ, тағы бір мердігер - "Қазеврострой" ЖШС-нің құрылыс материалдары жарамсыз болып қалған. Шығын сомасы анықталған соң кінәлі тұлғалар шығынды өтейді. Жөндеу жұмыстарын жалғастырамыз және мерзімінде аяқтаймыз деп үміттенеміз", - деді Білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Динара Ахметова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети