19 ақпан 2023 17:00

Екібастұзда өрттен 20 адам құтқарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Павлодар облысы ТЖД Фото: Павлодар облысы ТЖД

Екібастұздағы өрт кезінде 20 адамды, оның ішінде 4 баланы өртсөндірушілер құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұздағы өрт кезінде 20 адамды, оның ішінде 4 баланы өртсөндірушілер құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт екінші қабатта орналасқан бұрынғы бес қабатты жатақхана пәтерлерінің бірін шарпыған.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, өрт туралы хабарлама 19 ақпанда сағат 09.59-да түскен.

"Өртсөндірушілердің жедел әрекеті арқасында "Respihood" құтқару қалпақшасы және баспалдақ маршы көмегімен 20 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала бар", - деді өңірдің ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Дәліз түріндегі бұрынғы жатақханада жоғарғы қабаттарды түтін шарпыған. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт 10.21-де оқшауланып, 13 минуттан кейін толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети