Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып, үш бала зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып, үш бала зардап шекті ©️ instagram/ekibastuz_live

Екібастұзда сауда-ойын-сауық орталығында төбе опырылып, салдарынан кәмелетке толмаған үш бала зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда сауда-ойын-сауық орталығында төбе опырылып, салдарынан кәмелетке толмаған үш бала зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, медициналық көмекке жүгінген бес адамның арасында 2008 және 2009 жылы туған балалар болған.

"Зардап шеккендер түрлі жарақаттар алған, алайда ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", - деп нақтылады Екібастұз әкімдігі өкілі.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккендерге амбулаториялық ем тағайындалған.

ТЖД өкілі сауда орталығы болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін жабылғанын айтты. Аспалы төбенің бір бөлігі фуд-корт аймағындағы үшінші қабатта опырылған.

Айта кетейік, Екібастұз сауда-ойын-сауық орталығындағы төтенше жағдай 16 ақпанда кешке болған. Алдын ала мәліметтер бойынша төбе 150 шаршы метр аумаққа опырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети