15 мамыр 2017 17:23

Екібастұзда тәрбиеші сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды желкесінен ұрып оқытқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда маман сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды желкесінен ұрып оқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Адамшошырлық видео "Полезный экибастузец" Instagram-парақшасында жарияланды. 


Екібастұзда маман сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды желкесінен ұрып оқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Адамшошырлық видео "Полезный экибастузец" Instagram-парақшасында жарияланды. 

Видеороликтің кадрларында әйелдің кішкентай баланы оқытып отырып, жұлқылап, басынан ұрғаны көрінеді. Бала жылағысы келеді, бірақ үнін шығармай отырады. Баланың дәрменсіз күйін пайдаланған әйел оның желкесінен ұрады. Соққыдан бала құлап кетеді, бірақ тәрбиеші оның қолынан ұстап қалып, ештеңе болмағандай тізесіне отырғызады. 

Сөйтсек, кадрлардағы әйел психолог-логопед екен. Баланың шешесі құрбысының кеңесімен осы маманнан сабақ алғысы келген. Логопедтің қатаң оқыту әдісін баланың анасы кездейсоқ көріп қалған. 

"Әжем жаттығу қалай өтіп жатқанын көргісі келіп, кіріп қалған кезде тәрбиеші "Жарайсың!" деп, балаға соққы жасады. Сосын біз баланың одан қорқатынын байқадық. Ол әйелді көрген кезде жыламайтын болған, үнсіз ғана жасын төгіп отыра берген. Педагог бұл әдісін бейімдеу деп атаған. Тіпті оған кедергі жасамауымызды сұраған. Жаттығу кезінде ата-анасы үйден кетіп қалу керек екен. Жақсы сөйлескеніне қарап, баланы ұрып жүргенін ойламаппыз да. Баланың хал-күйін көргеннен кейін жаттығулардың қалай өтіп жүргенін көру үшін компьютердегі веб-камераға түсірілген жазбаны қарап шықтым", - дейді үш жасар Юраның шешесі Анастасия Безукладникова.

Шешесі бұл сұмдық жайттың видеосын көргеннен кейін оны педагогқа да көрсеткен. Бірақ ол кешірім сұрамақ түгілі, өзіне сөз қайтарған. "Видеоны көргеннен кейін өзінікі дұрыс емес екенін айтты, бірақ баланы мүлдем ұрмағанын мәлімдеді. Видеоны Желіге салмауды сұрады, салынса оны жұмыстан шығарып жіберетінін айтты. Балаға бір ай бойы тегін сабақ беруге де келісті. Сондағысы бала тіпті өз ісіне өкінген де жоқ, өзінің бұл ісін оғаш көрмей де отыр. Бірақ біз видеоны Желіге салдық, себебі басқа ата-аналарды осындай жағдайлар болатынын көрсетіп, ескертейік дедік", - дейді әйел. 

Баланың шешесі прокуратура мен полицияға арыз жазыпты. Қазіргі таңда адамшошырлық видеоны Екібастұздың білім басқармасының өкілдері тексеріп жатыр. 

"Видеоны тексеріп жатырмыз, логопедтің кім екенін, жұмыс орнын анықтап жатырмыз. Әрине, балаға мұндай әдіспен сабақ үйретуге жол жоқ. Қандай жағдай болса да шара қолданамыз", - деді Екібастұздың білім басқармасының бас маманы Динара Ахметова. Тексерістің қорытындысын басқарма алдағы уақыттарда жариялайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети