Екібастұздық полицей төртінші қабаттан секірмекші болған 23 жастағы қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұздық полицей төртінші қабаттан секірмекші болған 23 жастағы қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Оқиға өткен жексенбі күні болды. 112 құтқару қызметіне Екібастұз қаласы Энтузиастар көшесіндегі көпқабатты үйдің төртінші қабатынан секіріп кетпекші болған азаматша туралы хабар түскен. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына дереу жеткен капитан Арман Әубәкіров қызметтік парызын атқарды. Ол қабаттағы ортақ балкон арқылы пәтерге кіріп, есігін ашқан.
"Үйге кірген бойда "Құтқарыңдар!" деген әйел дауысын естідім. Азаматша балконда отырды. Оны қорқытпау үшін ақырындап жақындап, бері қарай шығарып алдым. Кейін дәрігерлер келіп, медициналық көмек көрсетті", - деді полицей.
Облыстық ІІД өкілдері тәртіп сақшысының бұл ерлігі ынталандыру мен марапатқа лайық екенін алға тартып отыр. "Екібастұз қалалық ІІБ Павлодар облыстық ІІД бастығының атына полиция капитаны Аман Әубәкіровті ынталандыру жөнінде хат жолдады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.