Екі қазақстандық қытайлықтардан 1 миллиард теңге қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі қазақстандық қытайлықтардан 1 миллиард теңге қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды Иллюстрациялық сурет © LoginCasino

Бас прокуратура Қытай азаматтарының бір миллиард теңгесін жымқырды деп күдікке ілінген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура Қытай азаматтарының бір миллиард теңгесін жымқырды деп күдікке ілінген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі "Базис Алатау" ЖШС жетекшілері Б.Баймұханов, Г.Нәбиева және өзгелерге қатысты ҚХР азаматтары Хэ Хан Вей, Линь Нуцзы және Ван Джуньға жасалған алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша, Б.Баймұханов және Г.Нәбиева "Қорғас" ШЫХО аумағында инвестициялық нысандар салу, жер телімдерін жалға алу және ойын бизнесіне рұқсат алу бойынша келісім жасауға көмек береміз деп алдап, ҚХР азаматтарынан 1 миллиард теңге жымқырған", - делінген хабарламада. 

Қазір күдіктілер ұсталып, соттың 20 ақпандағы шешімі бойынша қамауға алынды. 

"Екі күдіктіге де аса ірі көлемде және бір топ адам болып алаяқтық пен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша айып тағылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - дейді Бас прокуратура өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети