Екібастұзда оқушының қолында петарда жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда оқушының қолында петарда жарылды © Pngtree

Екібастұзда оқушының қолында петарда жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда оқушының қолында петарда жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, оқиға 3 қаңтарда кешкі уақытта болған. "3 қаңтарда 20:11-де 16 жастағы жасөспірімнің қолында петарда жарылғаны туралы хабар түсті. Оның екі қолы да зақымдалған және ауруханаға жеткізілген", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Дәрігерлердің мәліметінше, жаңажылдық отшашуларға байланысты тағы бір оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Павлодарда болған. Петарданың дұрыс жарылмауынан Павлодар қаласының 42 жастағы тұрғыны зардап шекті. Ол көзіне зақым келіп, Сұлтанов атындағы ауруханаға жеткізілді. 

Осыған дейін Ақтөбелік ер адамның қолында петарда жарылғаны туралы хабарланған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети