Екібастұзда жел ұшырған шатыр баласымен өтіп бара жатқан адамның үстіне құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда жел ұшырған шатыр баласымен өтіп бара жатқан адамның үстіне құлады ©Tengrinews.kz

Екібастұзда полиция ғимаратының жел ұшырған шатыры сол жерден баласымен өтіп бара жатқан адамның үстіне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының ТЖД-не сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда полиция ғимаратының жел ұшырған шатыры сол жерден баласымен өтіп бара жатқан адамның үстіне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының ТЖД-не сілтеме жасап.

Зардап шеккен 24 жастағы ер адам болып шықты. Ол жабық бас сүйек жарақатын алып,  миы шайқалған және оң аяғы сынған. Дәрігерлер оның жағдайын орта деңгейлі деп отыр. Облыстың ТЖД шатырдың құлаған сәтінде зардап шеккен азаматпен оның кішкентай ұлы бар екенін айтады. Оқиға болған сәтте ол ұлын денесімен қорғап қалған. Сондықтанда нәресте жарақат алмаған. 

Екібастұздағы дауыл полиция ғимаратынан бөлек басқа да қоғамдық ғимараттарға залалын келтірген. Атап айтар болсақ, дүлей дауыл жергілікті мектептердің бірінің, перзентхананың үш ғимаратының сонымен қатар қалалық емхананың шатырын ұшырып кеткен. Одан бөлек дауыл Лебяжі ауданында бірнеше ғимараттарға кесірін тигізген. Бұл аймақта халыққа қызмет көрсету орталығының, техникалық колледждің, мектеп пен емхананың шатыры жұлынып кеткен. 

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети