Екіқабат әйел Ертіске түсіп кеткен баланы құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екіқабат әйел Ертіске түсіп кеткен баланы құтқарды ©Remarka.kz

Жүктіліктің соңғы айындағы келіншек Ертіске мұз астына құлап кеткен баланы құтқарып қалды деп хабарлайды Remarka.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүктіліктің соңғы айындағы келіншек Ертіске мұз астына құлап кеткен баланы құтқарып қалды деп хабарлайды Remarka.kz.

Төтенше оқиға 28 наурыз күні Павлодар облысының Ақсу қаласында болды. 22 жастағы Галина Битлян өзінің ұлымен жабайы саябақта қыдырып жүрген. Кенет сол маңда ойнап жүрген екі баланың бірі мұз астына түсіп кетеді. Мелшиіп тұрған баланы көрген Галина қорықпай, баланы құтқаруға ұмтылған. Ақыры баланы жағаға алып шықты. Куәгерлер құтқарушылар мен жедел жәрдемді шақырды. Оқиға орнына келген дәрігерлер екіқабат әйел мен суға батқан баланы алып кетті. Қазір олардың жағдайы жақсы.

Бұған дейін 29 наурыз күні Ақсу қаласы маңында үш жасөспірімнің Ертістегі мұздан құтқарылғаны хабарланған болатын. 16 мен 17 жастағы жеткіншектер жарылған мұздың үстінде қалып қойған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети