14 қаңтар 2021 | 17:41

"Электрошокер мен таяқпен ұрды". Атырауда шетелдік қыз құлдықта болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық әйел адам шетелдік қызды құлдықта ұстаған. Бұл туралы "Қорғау-Астана" қорының өкілдері айтты. Қор қызметкерінің сөзінше, ол Өзбекстан азаматшасын құжатын тартып алып, күшпен қамап, электр тогымен және таяқпен ұрған. Полиция өкілдері шетелдік қызды құлдықта ұстағандардың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Атыраулық әйел адам шетелдік қызды құлдықта ұстаған. Бұл туралы "Қорғау-Астана" қорының өкілдері айтты. Қор қызметкерінің сөзінше, ол Өзбекстан азаматшасын құжатын тартып алып, күшпен қамап, электр тогымен және таяқпен ұрған. Полиция өкілдері шетелдік қызды құлдықта ұстағандардың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 жастағы Фатиманың (есімі өзгертілді) оқиғасы әлеуметтік желіде тарады. Желіде жәбірленушіні "13 жастағы бала секілді біртүрлі қыз" ретінде сипаттаған. Ол Ташкенттен Қазақстанға жұмыс істеу үшін келген. 

"Тіркеуден Мадина есімді (өзгертілген) "иесі" өткізген. Ол жәбірленушіні құжаттарын тартып алып, қамап қойған. Сөйтіп Фатима базарда көкөніс сатумен айналысқан. Мадина Фатимаға айлығын Өзбекстанға қайтатын уақытында беретінін айтқан, алайда нақты қанша беретінін айтпаған", - дейді қор өкілдері. 

Екі айдан кейін Мадина Фатиманы үйіне алып кеткен, сөйтіп балаларын бақтырып, үй тазалау жұмыстарын міндеттеп қойған. Ол жәбірленушіге 100 еуро төлейтінін айтқан. Алайда қор өкілдерінің сөзінше, ақыры жалақы төленбеген. Фатима 2020 жылдың тамыз айына дейін бір жылдай істеп, кейіннен ақшасын алуға тырысқан.   

"Мұны естіген Мадина ашуланып, Фатимаға қол көтеріп, элекрошокермен және таяқпен ұрған. Сөйтіп Фатима қорыққанынан Мадинаның үйінде жұмыс істеуін жалғастыра берген. Оның құжаттары үй иесінің сейфінде тұрған", - дейді қор өкілдері. 

Тамыздың соңында Фатима қашып шыққан. Белгісіз әйел оған 500 теңге беріп, таксиге отырғызып жіберіп, полицияға шағымдану керегін айтқан. 

Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің өкілдері болған оқиғаға қатысты түсінік берді. 

"Бізге "Қорғау-Астана" қорының төрағасынан өтініш түсті. Әйел адам Атырау қаласында дене жарақаттары мен басқа да зорлық әрекеттеріне ұшырағаны анықталды. Өтініш тіркелді, іс материалдары аймақ бойынша жіберілді", - деді ведомство өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети