Екі жасар Эллина Күлдинаның мәйіті Нұра өзенінен табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ТЖД басшысы Алексей Советов хабарлады.
Екі жасар Эллина Күлдинаның мәйіті Нұра өзенінен табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ТЖД басшысы Алексей Советов хабарлады.
Қыздың мәйітінің табылғаны жайлы мәлімет әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Ақмола облыстық ТЖД басшысы бұл мәліметті растады. "Шын мәнінде бүгін кешкі уақытта жоғалған қыздың денесі табылды, ол Нұра өзенінде жатты", - деп хабарлады Советов.
Еске салайық, қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат 10 мамырда тарады. Целиноград аудандық ішкі істер бөліміне 2014 жылы дүниеге келген Эллина Күлдинаның Нұра өзенінде суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Қыздың отбасымен болған демалыста жоғалғаны анықталды. Балық аулағаннан кейін, қыздың ата-анасы үйге жиналып, заттарын көлікке сала бастаған. Бірақ қыздың жоғалып кеткенін кейіннен байқайды. Ал 12 мамыр күні Эллина Күлдинаның мойынорағышы өзеннен табылған болатын.
Осыдан кейін Эллина Күлдинаның жоғалуы туралы істе күтпеген жайлар белгілі болған еді. Қыздың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. "Негізгі нұсқа - қыз суға батып кетті. Ата-анасының сәбидің жоғалуына тікелей қатысты болуы туралы нұсқалар қарастырылып отырған жоқ. Бірақ оларға қатысты 141-бап бойынша ("Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау") қылмыстық іс бірден қозғалды. Қыздың суға құлап кетпеуін қарады ма, жоқ па - осы мәселе бойынша", - деген еді полицейлер.