Эллина Күлдинаның мәйіті Нұра өзенінен табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эллина Күлдинаның мәйіті Нұра өзенінен табылды Эллина Күлдина. Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Екі жасар Эллина Күлдинаның мәйіті Нұра өзенінен табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ТЖД басшысы Алексей Советов хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі жасар Эллина Күлдинаның мәйіті Нұра өзенінен табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ТЖД басшысы Алексей Советов хабарлады. 

Қыздың мәйітінің табылғаны жайлы мәлімет әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Ақмола облыстық ТЖД басшысы бұл мәліметті растады. "Шын мәнінде бүгін кешкі уақытта жоғалған қыздың денесі табылды, ол Нұра өзенінде жатты", - деп хабарлады Советов.

Еске салайық, қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат 10 мамырда тарады. Целиноград аудандық ішкі істер бөліміне 2014 жылы дүниеге келген Эллина Күлдинаның Нұра өзенінде суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Қыздың отбасымен болған демалыста жоғалғаны анықталды. Балық аулағаннан кейін, қыздың ата-анасы үйге жиналып, заттарын көлікке сала бастаған. Бірақ қыздың жоғалып кеткенін кейіннен байқайды. Ал 12 мамыр күні Эллина Күлдинаның мойынорағышы өзеннен табылған болатын.

Осыдан кейін Эллина Күлдинаның жоғалуы туралы істе күтпеген жайлар белгілі болған еді. Қыздың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. "Негізгі нұсқа - қыз суға батып кетті. Ата-анасының сәбидің жоғалуына тікелей қатысты болуы туралы нұсқалар қарастырылып отырған жоқ. Бірақ оларға қатысты 141-бап бойынша ("Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау") қылмыстық іс бірден қозғалды. Қыздың суға құлап кетпеуін қарады ма, жоқ па - осы мәселе бойынша", - деген еді полицейлер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети