1. Басты
  2. Біл
  3. Тосын жай

Еліміздің үш облысында көлік жолдары жабылды

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков
Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның үш облысында көлік жолдары жабылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ақтөбе облысында 2 наурыз күні сағат 09.15-те қолайсыз ауа райы жағдайына (боран, көріну мүмкіндігінің шектелуі) байланысты Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз әкімшілік жолының Қандыағаш - Шалқар учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Қызылорда облысында да 2 наурыз күні сағат 19.00-де қолайсыз ауа райына (боран) байланысты Қызылорда - Павлодар тас жолының 12-216-шақырымында, яғни Қызылорда қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Қарағанды облысында 3 наурыз күні сағат 17.05-те Қызылорда - Павлодар автожолының Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейінгі учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды.