Елорда тұрғыны тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда тұрғыны тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болған Видео кадрынан

Нұр-Сұлтан полицейлері тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан полицейлері тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 қазанда кешкісін полицияға Facebook-қолданушысынан белгісіз ер адам Сарайшық көшесіндегі көпірден тікелей эфирде секіргелі тұр деген қоңырау түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жіберілген. Көпірдің қоршауының артында қызметкерлер күйзеліске түсіп, секірейін деп тұрған ер адамды көреді.

"Полицеймен әңгімелесу кезінде ол әйелімен ажырасқанын және балаларын сағынғанын айтты. Қызметкер азаматпен диалог жүргізіп, оны секірмеуге көндірді. Патруль қызметкерлері мүмкіндігінше жақындаған сәтте ер адамды ұстап алып, оны қоршаудың үстінен қауіпсіз жерге алып барды.

Елорданың 34 жастағы тұрғыны Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамның психо-эмоционалды жағдайын тұрақтандыру үшін онымен психологтар жұмыс істеді. Күйзеліс жағдайында кәсіби психологиялық көмек көрсетілді", - деді департамент қызметкерлері.

Баспасөз қызметіндегілер тікелей эфирді ер адамның өзі қосқанын хабарлады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети