16 шілде 2019 | 10:26

Елордада 13 жастағы бала 10 мың вольт токқа түсіп қалды: Оқиғаның мән-жайы

Елордадағы тұрғын үйлердің алаңында ойнап жүрген 13 жасар бала 10 мың вольт токқа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Елордадағы тұрғын үйлердің алаңында ойнап жүрген 13 жасар бала 10 мың вольт токқа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап. 

Жазатайым оқиға балалар ойнап жүрген ойын алаңында болған. Жеткіншек жабық ойын алаңына шығып, байқаусызда электр желісін іліп алып кеткен. Сол сәтте оны ток ұрып, бала есінен танып, жерге құлаған. Бала аман қалған, алайда оқиға салдарынан клиникалық өлімді басынан өткерген. Осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Оқиға куәгері Мәдина Дөсетова оқиға орнынан табылып, жеткіншекке көмектескен.

"Мен өзім мына жерде қоқыс төгуге кетіп бара жатқам. Сосын бір кезде бала құлап жатыр екен, приступ ұстады ма, судорога ұстады ма деп жай қолын сипап жатыр едім, ана бала дірілдеп жатыр, тоқ соғып кеткен. Ешқандай техника қауіпсіздігі жоқ, ол бала қайдан біледі проводты", - дейді куәгер. 

Бұл оқиғадан кейін балаларын сыртқа шығаруға қорқып қалған ата-аналар ойын алаңында еш қауіпсіздік техникасы сақталмаған электр желісіне КСК өкілдеріне шағымданған. Алайда үш күннен бері құлып қойғаннан басқа шара қолданбаған. 

"Ана баланың аузынан түтін шықты дейді. Бірақ оның түтін ба не екенін түсінбедік. Немеремнің де түрі бұзылып кеткен. Міне, осы келесі подъезде тұрады. Балаларға расында да мынау өте қауіпті екен. Қызыма да, күйеу балама да айтамын жолатпандар, жай жерде ойнасын деп", - дейді қала тұрғыны Айғаным Жүрімбаева. 

Бұл сұрақ тұрғындарды ғана емес, құзырлы орган өкілдерін де алаңдатып отырған көрінеді. 

“Біз оқиға болған жерге сол күні бардық. Мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, ойын алаңын уақытша жауып тастадық. Аталмыш мәселеге байланысты жиналыс болды. Бұдан былай электр желілерін жердің астымен өткізу керектігі жайлы ұсыныс айтылды. Осы мәселеге байланысты алдағы уақытта жұмыстар атқарылады", - дейді Сарыарқа әкімдігінің бөлім басшысы Бақтияр Топаев.

Жеткіншек қалалық балалар ауруханасында дәрігерлердің жіті бақылауында жатып, ем-дом қабылдауда. Әзірше дәрігерлер түрлі дене жарақатын алған баланың жағдайы туралы қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.

Айта кетейік, бұл көпқабатты тұрғын үй 1983 жылы эксплуатацияға берілген. Содан бері электр желілері футбол алаңының үстімен жүргізіліп, сол күйі қалған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети