14 сәуір 2016 12:45

Елордалық полицей оныншы қабаттан құлай жаздаған 4 жасар қызды құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жергілікті полиция қызметінің қызметкері Дилшад Тойшыбаев. © Астана ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкері Дилшад Тойшыбаев. © Астана ІІД

Елордалық полицей оныншы қабаттан құлай жаздаған 4 жасар қызды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елордалық полицей оныншы қабаттан құлай жаздаған 4 жасар қызды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 сәуір күні Астана ІІД Жедел басқару орталығына тұрғындардың бірінен Сарыарқа көшесіндегі үйлердің бірінің оныншы қабатының терезесінен 4-5 жасар баланың айғайлап тұрғаны туралы хабарлама келіп түседі. Бала терезенің жақтауына шығып алған екен. Осыдан кейін Жергілікті полиция қызметінің қызметкері Дилшад Тойшыбаев оқиға орнына дереу жетіп, басқа да құтқару қызметтерімен байланысқа шыққан. Участкелік полицей сырттан оныншы қабаттың терезесінде кішкентай қыздың тұрғанын көреді.

"Полицей оныншы қабатқа дереу көтеріліп, есікті қағады. Қуанышқа орай, қыз пәтерге қайта кіріп, есікке қарай жүгірген. Полицей жабық есіктің ар жағынан қызды жұбатып, анасының келетінін айтады. Осы кезде оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері пәтерге терезе арқылы кірген. Полицейлер бүлдіршіннің ата-анасымен байланысып, қызды оларға тапсырды", - деді ІІД қызметкерлері.

Осыдан кейін полицей бүлдіршіннің ата-анасымен мұндай жағдайдың алдын алу шаралары жөнінде сөйлесті, сонымен қатар, терезеге тор орнатудың қажеттілігін айтты. Осыған байланысты бүлдіршіннің анасы Мадина Жұмабековадан баланы құтқарғаны үшін полиция инспекторының атына алғыс келіп түсті. Елордалық полицейлердің айтуынша, жыл басынан бері осыған ұқсас үш оқиға болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети