Ер адамның әдепсіз әрекеті видеоға түсіп қалған. Алматылық қыз "кейіпкерді" табуды сұрады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адамның әдепсіз әрекеті видеоға түсіп қалған. Алматылық қыз "кейіпкерді" табуды сұрады видео кадры

Алматы тұрғыны дүкенде кеудесін ұстаған ер адамның үстінен шағымданды. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісінде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны дүкенде кеудесін ұстаған ер адамның үстінен шағымданды. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісінде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз супермаркетте түсірілген видеоны жариялады. Кадрларға қарағанда, ер адам мас күйде болған. Оның қасында тағы бір адам бар.

"18 тамызда құрбым екеуміз үйге азық-түлік алу үшін дүкенге бардық. Бұл - жігіт деп айтуға келмейтін адам не істегенін видеодан көруге болады. Оның үстіне, мұқият қарасаңыз, ол мені көшеден байқап, не істейтінін ойлап қойған. Ол қатты мас болды. Мен бұл адамның қандай болмасын жазаға тартылғанын қалаймын", - деп жазды қыз әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын жариялап.

Оның айтуынша, дүкен Гагарин мен Өтепов көшелері қиылысында орналасқан.

instagram.com/inessa.km

Алматы полициясы қазір күдікті іздестіріліп жатқанын хабарлады.

"Дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері айыпталушыларды анықтау және оларды одан әрі жауапкершілікке тарту мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети