"Ерекше бала жоғалып кетті": Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ерекше бала жоғалып кетті": Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр Фото: Әлеуметтік желіден

Ақтөбеде аутизм дертіне шалдыққан бала екі күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде аутизм дертіне шалдыққан бала екі күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған 13 жастағы баланы табу үшін ауқымды іздеу жұмыстары басталды. Аутизм дертіне шалдыққан бала 4 мамырда атасы мен әжесі тұрған үйден шығып кетіп, жоғалып кеткен. Туыстары мессенджерлерде ауладан ішкиім және футболкамен шығып, кейін жоғалып кеткен баланың видеосын жариялады. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Аутизммен ауыратын ерекше бала із-түссіз жоғалып кетті. Ол 4 мамырда сағат 17:00 шамасында Заречный 1, Телефонная көшесі мекенжайында үйден шығып, күні бүгінге дейін оралмаған. Үстінде сұр түсті футболка, қара ішкиім, жалаң аяқ болған. Түні бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді, бірақ әзірге еш нәтиже жоқ", - дейді ерікті Екатерина Голотина.

Полиция мәліметінше, жоғалған баланы іздеуге Ұлттық ұланның 50 әскері қосылған.

"Жоғалған баланы іздеуге жүзден аса полиция қызметкері, ерікті кинологтар, әскери қызметкерлер мен туыстары қосылды, бірақ әзірге іздестіру жұмыстары нәтиже бермей отыр", - дейді полиция басшысы Ерболат Сарқұлов Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети