19 маусым 2017 12:07

Ертіске секіріп кеткен студент қыздың денесі бір айдан соң табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда көпірден секіріп кеткен қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда көпірден секіріп кеткен қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың денесі табылғаны жайлы хабарлама әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұл мәліметті Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі растады.

"Бүгін, 19 маусымда шамамен таңғы сағат 8-де жергілікті порт қызметкерлері қыздың денесін сырт киімімен бірге тапқан. Ол порттан бес шақырым жерден табылды. Біздің қызметкерлер денені алып шықты. Туыстары қызды таныды", - деді Павлодар облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Сергей Лебедев.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жақындары қызды оның киімі арқылы таныған. "Қыздың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

1-курс студентін іздестіру жұмыстары бір ай бойы жүргізілді. Бірнеше күн бұрын павлодарлық құтқарушылар іздестіру жұмыстарының тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Бірақ жергілікті еріктілер 16 жастағы қызды іздестіруді тоқтатпаған еді.

Еске сала кетейік, қыздың көпірден секіріп кеткені жайлы биыл 13 мамырда хабарланған еді. Куәгерлердің айтуынша, қыз көпірге шығып алып, біраз уақыттан соң секіріп кеткен. Қыздың көпірден секіріп кеткен сәті видеобақылау камерасына түсіп қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети