Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ертістен балықшының денесі іздестіріліп жатыр 15 сәуір 2014, 10:03

Екі балықшының біреуінің мәйіті арада бес күн өткенде табылды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©РИА Новости ©РИА Новости

Шығыс Қазақстан облысында Ертіске батып кеткен балықшылардың бірінің мәйіті су астынан шығарылды, екінші балықшының денесі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"14.04.2014 күні сағат 19.05-те Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің судан құтқару қызметі (жеке құрамның бес қызметкері) Нұрсейітовтің денесі судан алып шықты. Жексенбаевтың денесін іздеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Бесқарағай ауданы Глуховка елді мекенінде 9 сәуір күні екі адам Ертіске батып кеткен болатын. 1988 және 1989 жылы туған жігіттер өзенге балық аулауға барған.

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті