Есікте болған атыс: Полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Алматы облысы Есік қаласында полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Есік қаласында полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы тәркіленді. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу ерекше бақылауға алынды. Полиция қызметкері қызметінен тыс уақытта болған. Ол Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ қызметкері болған", - деп хабарлады полициядағылар.

Дереккөздің мәліметінше, атыстан барлығы үш адам зардап шекті.

Біреуі ауруханаға жеткізілер кезде көз жұмған, ал полицей 11 мамырда қаза тапқан. Үшінші зардап шеккен (жұмыссыз жүрген) адам қазіргі уақытта ауруханада жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Есікте атыс болып, полицейдің қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атыс 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні болған. Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасындағылар Tengrinews.kz тілшісіне 8 мамырда сағат 03:00-де оқ жарақатын алған екі ер адам түскен айтқан болатын. Олардың бірі 31 жастағы полицей 11 мамырда көз жұмды. Оқ тигеннен бөлек, ол көптеген өзге жарақаттар алған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro