09 маусым 2015 | 13:37

Есімовтің танысымын деп әкімдікте қызмет орнын саудалаған әйел 11 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тakeinfo.net © Тakeinfo.net

Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің қызының танысымын деп, өзінің құрбысын әкімдікке 50 мың долларға жұмысқа тұрғызып беруге уәде еткен алматылық әйел 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сотталушының мүддесін қорғаушы адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің қызының танысымын деп, өзінің құрбысын әкімдікке 50 мың долларға жұмысқа тұрғызып беруге уәде еткен алматылық әйел 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сотталушының мүддесін қорғаушы адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

Қаулы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған қалалық сотта шығарылды. "Белгілі бір мамандықтармен айналысуға өмір бойына тыйым салынды және мүлкін тәркілей отырып 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - деді судья. Қаулы 15 күннен кейін күшіне енеді. "Шешіммен келіспейміз, қайта арызданатын боламыз", - деді Нұрпейісов.

Еске сала кетейік, 1978 жылы туылған алматылық әйел "Алаяқтық" және "Пара беру" баптары бойынша айыпталған болатын. Іс материалдарына негізделген адвокаттың мәліметінше, 2014 жылдың желтоқсан айында сотталушыға 1982 жылғы таныс құрбысы хабарласып, әкімдікке жұмысқа тұрғызып беруді, нақтырақ айтсақ, табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы қызметіне тұрғызып беруді өтінген. Өз кезегінде сотталушы оның өтінішін орындай алатынын айтқан, себебі ол қала әкімінің қызымен таныс делінді. Алайда бұл үшін ол өз құрбысынан 70 мың доллар сұрайды, бұл қаржы қызы арқылы әкімнің өзіне барып түсуі керек болды делінеді. Кейін олар 50 мың долларға келіседі.

Келіссөздерден кейін сотталушыдан көмек сұрап барған әйел Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 1978 жылғы әйелдің одан 50 мың доллар ақша бопсалағанын жазған. 2015 жылдың 15 қаңтарында әйел 50 мың доллар көлеміндегі қаражатты алу үстінде ұсталады. Іс материалдарында сотталушының Есімовтің қызымен таныстығы арқылы әкімдікке жұмысқа тұрғыза алатыны жазылып қалған төрт аудиожазба бар. Фонетикалық сараптама сөйлеушілердің дауысының сәйкес келетінін анықтады. Сотта айыпталушы Есімовтің қызын танымайтынын мойындап, қала басшысына кешірім сұрап, хат жолдады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети