Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

"Эйр Астана" рейстері кейінге қалды

31 Қаңтар 2014, 18:42
0
Атырау әуежайы. ©Мgorod.kz
Атырау әуежайы. ©Мgorod.kz
"Эйр Астана" ұлттық әуе компаниясы ауа райына байланысты бес рейсті кейінге қалдырды, бұл туралы Tengrinews.kz-ке әуетасымалдаушының жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахымов хабарлады.

Компания өкілінің айтуынша, атмосфералық қысымның жоғары болуына байланысты Атырау - Ақтау, Атырау - Астана және Мәскеу - Атырау бағытының екі жаққа ары-бері қатынайтын рейстері кейінге қалдырылды.

Әбдірахымовтың мәліметінше, әуе кемелерінің әрқайсысын пайдаланудың ұшақты шығарушы зауыт бекіткен шектеулері бар. Бұл шектеулерді әуе компанияларының бұзуға құқығы жоқ. Сол себепті ауа райына байланысты әуе кемелері рейске пайдаланылмайды.

Еске сала кетейік, өткен желтоқсан айында Алматыда тұманға байланысты бірнеше рейс кестесінен кешіккен болатын. Абу-Дабиге ұшуы тиіс жолаушылардың рейсі біршама уақытқа шегерілген еді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай