"Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшқыштары Шымкент-Алматы бағытына қатынайтын ұшақты тоқтатуға мәжбүр болды, - деп Tengrinews.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
"Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшқыштары Шымкент-Алматы бағытына қатынайтын ұшақты тоқтатуға мәжбүр болды, - деп Tengrinews.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
"Embraer Е190 ұшағының Шымкент-Алматы бағытына қатынайтын КС 970 рейсі 23 қазанда ұшуға бет алған жерінен тоқтауға мәжбүр болды. Әуе кемесінің командирі екпін ала бастаған ұшақтың сол жағы мен оң жағындағы жылдамдықты көрсететін бөлшектеріндегі сандық көрсеткіштердің бір-бірінен тым алшақтығына байланысты тоқтатуға шешім қабылдады", - деді "Эйр Астананың" баспасөз қызметі.
Әуекомпаниясындағылар осы жағдайға қарамастан ұшақтың Шымкент әуежайындағы тұраққа сәтті оралғанын да айтып отыр. Қазіргі уақытта "Эйр Астана" әуекомпаниясының инженерлік-техникалық қызметі ұшақтағы техникалық ақаудың қай жерден шыққанын анықтауға кіріскен.
Еске саламыз, биыл жазда "Эйр Астана" әуекомпаниясының Мәскеуден Алматыға қатынайтын рейсі белгіленген уақытынан кешіккені туралы ақпарат тараған болатын. Мамандар ұшақтың бір қозғалтқышында техникалық ақау барын анықтаған еді. Әуекомпаниясы қызметкерлері ұшақтардың ондай ұсақ-түйек ақаумен тек ауа райы қолайлы кезде ғана ұшуына рұқсат берілетінін айтқан.