Forbes Kazakhstan және Ratel.kz редакцияларында тінту шаралары жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Forbes Kazakhstan және Ratel.kz редакцияларында тінту шаралары жүріп жатыр

Forbes Kazakhstan журналының редакциясында тінту шаралары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде басылымның бас редакторы Асқар Аукенов жазды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Forbes Kazakhstan журналының редакциясында тінту шаралары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде басылымның бас редакторы Асқар Аукенов жазды. 

"Журнал кеңсесінде тінту жүріп жатыр. Бұл шараларды Алматы ІІД қызметкерлері жүргізіп жатыр. Олар қаулыны көрсетті. Себебін айта алмаймын, тіпті ненің аясында екенін де білмейміз. Редакция бұл жайлы білмйді. Қандай да бір сотқа дейінгі тергеудің басталған-басталмағаны ескертілмеді. Кенеттен болып отырған жағдай. Заңгерлер жұмыс істеп жатыр, қаулының көшірмесін алып жатыр, сонда ғана не болып жатқанын түсінеміз", - деді Forbes.kz сайтының бас редакторы Анастасия Новикова.

Сонымен қатар, соңғы мәліметтер бойынша, Ratel.kz интернет-басылымының редакциясында да тінту жүріп жатыр. "Қазір редакцияда емеспін. Маған телефондардың жауап бермейтінін хабарлады. Бір қызметкерге хабарласа алдым, алайда ол да ештеңе түсіндіре алмады. Тінту жүріп жатыр", - деп хабарлады Ratel.kz журналисі Вадим Борейко

Кейбір мәліметтер бойынша, Forbes Kazakhstan басылымының бір қызметкері ұсталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети