"Футбол ойнай алмайды". Сыныптастарынан қысым көреген оқушы өз-өзіне қол жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Футбол ойнай алмайды". Сыныптастарынан қысым көреген оқушы өз-өзіне қол жұмсады Фото: elements.envato.com

Қазақстанда мектеп оқушысы сыныптастарынан футболды нашар ойнағаны үшін қысым көріп, салдарынан өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ІІМ басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мектеп оқушысы сыныптастарынан футболды нашар ойнағаны үшін қысым көріп, салдарынан өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ІІМ басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қожаев жасөспірімдер арасындағы қудалау, мазақ, қысым көрсету баланың жүйке-жүйесіне теріс әсер ететінін, салдарынан адам қатыгез болып өсуі мүмкін екенін айтты.

"Қазақстан криминалистика тарихында сериялық қылмыс жасаған қылмыскер балалық шағында өз құрдастары немесе отбасында қысым көргені анықталып жатады. Мұндай жағымсыз оқиғалар қоғамда, әсіресе жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Тергеу тәжірибесінен нақты мысал келтірейін. Еліміздегі мектептердің бірінде 12 жастағы оқушылар сыныптасына футбол ойнай алмағаны үшін жүйелі түрде қысым көрсетіп, мазақ қыла берген. Футбол командасы бірнеше ойында жеңіліп қалған. Оған кінәлі ретінде бәрі сыныптасын айыптаған. Соңында қысымға шыдамаған бала өзіне-өзі қол жұмсады", - деді Марат Қожаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети